23.08.2026, 7:20
Оқылды: 118

Бөрліде ауданында жаңа учаске жұмысын бастады

Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтуде. Осыған орай Бөрлі ауданындағы №109 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 08.50.28 (5)

Сайлау учаскесінде дауыс беруге қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушыларды қабылдап, азаматтардың өз Конституциялық таңдауын жасауына мүмкіндік беруде. Алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға учаске төрағасы естелік сыйлықтар ұсынды.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 08.50.28 (3)

WhatsApp Image 2026-08-23 at 08.50.28 (2)

№109 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берген азаматтардың бірі 18-ге толған Жеңіс Мұрадым.

Ол таңмен таласа сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Алғашқы дауыс беруші ретінде Жеңіс Мұрадымға ерекше ықылас білдіріліп, сайлау комиссиясы тарапынан сыйлық берілді.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 08.50.28 (1)

Сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген сайлаушылардың ішінде «Asia Group Security» ЖШС қызметкерлері де бар. Өндіріске таңғы ауысымға шыққан сайлаушылар ұжыммен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

«Сайлауға қатысу – әр азаматтың өз таңдауын білдіруге берілген мүмкіндігі. Сондықтан бүгін өз азаматтық міндетімді орындап, дауыс беруге келдім. Еліміздің тағдыршешті таңдауында әріптестерімізбен бірге таңдау жасауды жөн көрдік», – мекеме қызметкері Мирболат Қайырғалиев.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2026-08-23 at 08.50.29 WhatsApp Image 2026-08-23 at 08.50.29 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале