23.03.2022, 15:10
Оқылды: 27

Бөрліде баспана берілді

Ұлыстың ұлы күні бөрлілік екі отбасы баспаналы болды. Толығырақ айта кетсек, Бөрлі ауданы волонтерлары және «Харекет» қайырымдылық қорының бірлесе ұйымдастыруымен жалғызбасты, көпбалалы екі ананы баспанамен қуантты.

38607BC9-DDB4-4341-B2AD-19C2B19C4327

«1000 теңгеге баспана» ұраны аясында 627, 628-ші баспана Бөрлі ауданына бұйырды. 627 баспана 6 қыздың анасы Бибінұр Ондабаеваға табысталса, 628 баспана 7 баланың анасы Жанар Аяповаға берілді. Баспана сертификатын аудандық волонтерлар және «Харекет» қайырымдылық қорының атынан белсенді волонтер Руслан Азаматов табыстады.

"Қазақ қашанда жетімін жылатпаған ел ғой. Көмекке мұқтаж жандарға көмек беріп, демеу де қанда бар қасиет. Ауданның белсенді жастарының басын қосып, «Баспанаға бастама» деген ұранмен ауданымыздың жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты жандарына баспана сыйлау мақсатында топ құрып, жұмыстанған едік. Бұл бастамаға да 2 жыл толыпты. Баспаналы болған отбасымен бірге шын қуанып тұрмыз»,- дейді көпбалалы аналарға үйдің кілтін табыстаған Руслан Нұрболатұлы.

Осы ретте игі істерге мұрындық болып жүрген «Харекет»қайырымдылық қорына аудан әкімі М.Сатқановтың атынан алғысхат та табысталды.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале