Бөрлі ауданында медицина саласына аудан кәсіпкерлерінің қолдауы әлі де жалғасуда.
Бұл жолы «Bonatti» компаниясының демеушілігімен аудандық ауруханаға Оңтүстік Кореяның өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты сыйға тартылды. Балалар мен ересектердің тыныс алуына арналған бұл аппарат заманауи үлгіде жабдықталған. Құны 12 млн. теңгеден асатын мұндай құрылғының бұған дейін жан сақтау бөлімінде бесеуі бар болатын. Алдағы уақытта құрылғылар санын 10-ға жеткізу жоспарда тұр.
Осындай жомарттық танытқан игі шарада аудан әкімі Миржан Сатқанов әлеуметтік жауапкершілікті сезінген компания ұжымына зор алғысын білдірді.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы