1.10.2024, 16:15
Оқылды: 5

Бөрліде «Еңбек кубогі-2024» спартакиадасы өтті

Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде еңбек күніне арналған «Еңбек кубогі-2024» атты жастар спартакиадасы өтті.

F34BD932-0E09-480F-B580-3307EB8BB836

Аталған жарысты аудандық «Жастармен жұмыс» жөніндегі ресурстық орталық пен «Ақсай» мәдени, бұқаралық ат спорт кешені және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Спартакиада ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамытып, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілген.

3B704040-7AAF-4903-925F-27B434EFB07D

Жарысқа сегіз команда қатысты. Олар аудандық әкімдік, емхана, мешіт, демалу орталығы, «Ақсай» мәдени, бұқаралық ат спорты кешені және полиция, білім беру мен дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жастарынан құралған топтар.

Спартакиада шағын футбол, гір көтеру және арқан тартыс деген үш кезең бойынша өтті. Шараға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрхат Бапенов пен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Есенаман Стамғазиевтер қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

E26AF097-8BA4-4996-B58E-54FEA35980F3

«Шағын футбол» ойыны нәтижесі бойынша БЖСМ жастары басым түссе, ал гір көтеру мен арқан тартыс ойынында аудандық білім беру бөлімі алдына жан салмады. Еңбек күніне орай ұйымдастырылған спартакиаданың нәтижесінде жалпы командалық есепте аудандық білім беру бөлімінің жастары қарсыластарынан оза шауып, 69 ұпаймен І орынға ие болды. Ал аудандық полиция бөлімі мен «Ақсай» спорт кешенінің жастары ІІ және ІІІ орынды өзара бөлісті.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале