Бүгін Бөрлі ауданында отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды жетілдіру, әйелдердің іскерлік белсенділігін арттыру, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өңірдегі белсенді әйелдердің басын қосқан «Жаңа Қазақстан. Жасампаз әйел» атты форум өтті.
Шарада әр салада ауданның дамуына үлес қосып жүрген әйел-аналарды аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов құттықтап, бір топ нәзік жанды өз алғысхатымен марапаттады.
Олардың ішінде «ДентАрт» стоматологиялық клиникаларының директоры Алма Елеусінова, Ақсай техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Жолдасова, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайтын «Сенім» сауықтыру орталығының құрылтайшысы Оксана Дускалиева, Ақсай қаласының №1 ЖОББМ директоры Жанар Жақсығалиева, «Жас Дарын» қоғамдық қорының директоры Татьяна Ищенко және тағы басқалар бар.
Айым Нұрғалиева
Бөрлі ауданы