7.09.2018, 11:14
Оқылды: 90

Бөрліде мәдениет үйі ұжымдары арасында байқау өтті

Бөрлі ауылында ауданға қарасты ауылдық мәдениет үйі ұжымдарының арасында  ән мен биге, жыр мен күйге, қызық пен думанға толы мәдени шара өтті.

б2

            «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» деп аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттап, қазақы салт пен дәстүрге, әдет пен ғұрыпқа сусаған көпшілікке тамаша әсер қалдырды. Айта кетейік, шара Бөрлі ауылының күніне орай ұйымдастырылды. Оған тоғыз ауылдық округтің командасы қатысты.

            Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінің директры Жарқынбек Шынтаевтың айтуынша, байқау қазақ халқының асыл мұраларын насихаттау, дәріптеу, жаһандағы «Қазақстандық мәдениетті» дамытуға үлес қосу, халқымыздың өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұлықтау, ұмытпауды мақсат етті.

            Қатысушылар қазақ халқының тұтынған ұлттық заттарын, тағамдарын дайындады. Салт-дәстүрге байланысты көріністер сахналап, ән, күй, биден шашу шашты.

            Көрермен назарына бесікке салу, тұсау кесу, беташар дәстүрлері мен ұмыт болған табалдырық аттау, ашамайға мінгізу, селт еткізер, ілу салу дәстүрлерін ұсынды.

            Қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ жасыру, халық әндерін орындап, бір ғана көрініске қазақтың барлық әдет-ғұрпын сыйдырған Қызылтал ауылдық мәдениет үйінің ұжымы байқау жеңімпазы атанды. Екінші орынға Қанайлық өнерпаздар ие болса, үшінші жүлде Пугачев ауылдық мәдениет үйінің ұжымына бұйырды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале