27.08.2024, 16:45
Оқылды: 154

Бөрліде «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр

Қазіргі уақытта елімізде «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы жалғасып жатыр. Апта сайын газетіміздің нөмірінде аудан оқушыларына аталмыш акция аясында қандай көмек көрсетіліп жатқанын жазып келеміз. Осыған дейін аудан кәсіпкерлерінің 70 оқушыны алдағы оқу жылына дайындағанын айтып өткен болатынбыз.

03E9A59F-60F9-452F-BB72-E4B33A7F859D

Акция аясында Freedom Holding Corp ұжымының бастамасымен Қазақстан халқы ассамблеясы мен ассамблея жастары ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына арналған құрал-жабдықтар (ноутбук, маусымдық және спорттық киім, мектеп сөмкелері және т.б.) ауданның оқушыларына табыс етілді.

Freedom Holding компаниясы қызметкерлерінің бастамасымен суға кеткен аумақтарда зардап шеккен отбасылардың балаларына көмек көрсету үшін қаржы жиналған.

Игі шара Ақсай қаласының №3 ЖОББ мектебінің акт залында өтті. Жиынға Freedom Holding компаниясының және Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, ата-аналар және оқушылар қатысты.

Шара «Мектепке жол» акциясына қолдау білдіріп, балалардың жаңа оқу жылына сақадай сай болуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Ауданымыз бойынша 35 оқушыға жаңа оқу жылына арналған құрал-жабдықтар табысталды.

Аталған көмекпен су тасқынынан зардап шеккен және жекелеген санаттағы отбасылардың балалары, сонымен бірге жыл бойы оқуда жақсы нәтиже көрсете білген оқушылар қамтылды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале