14.09.2023, 19:55
Оқылды: 24

Бөрліде полиглоттар байқауы өтті

Бөрлі аудандық демалу орталығына қарасты Достық үйінде үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» полиглоттар байқауы өтті. Жарыс аудандық ішкі саясаттың тапсырысымен, «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

2

Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтап, қолдау және жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Жарысқа Приурал, Достық, Бөрлі, Қарағанды, Пугачев, Кеңтүбек, Бумакөл ауылдарынан және қаламыздың №2, №5, №6, №7 ЖОББ мектебінің оқушылары қатысты. Қазылар алқасы құрамында аудандық «Аналар» кеңесінің төрайымы Әтір Идгеева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Азаматов және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бұлбұл Исмагуловалар болды.

3

- Құрметті жарысқа қатысушылар және қонақтар сіздерді келіп жеткен Ақсай қаласының күнімен құттықтаймын. Қазір қала күніне байланысты он күндік өтіп жатыр. Бүгінгі шарада қала күніне арналған жарыстардың бірі. Сіздер сияқты білімді ұрпақтардың өсіп келе жатқаны қуантады. Жарыс барысында сіздердің ойларыңызды, ұшқырлықтарыңызды бақылап отырдық, - деді өз сөзінде қазылар алқасының мүшесі, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Нұрболатұлы.

Сайыс басталмас бұрын қатысушылар жеребе арқылы үш топқа бөлінді. «Smart ұрпақ», «Алаш» , «Жас ұрпақ» деген атаумен үш топ өзара жарысып, мықтыны анықтады.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. Олар: «Елтаным», «Сөзтаным», Ойтаным». «Елтаным» кезеңінде қатысушылар суретте берілген тұлға туралы үш тілде өздерінің білетін ақпараттарымен бөлісті. Екінші кезең «Сөзтанымда» берілген сөзді аударып, тез жауап берді. Ал соңғы «Ойтаным» кезеңінде қатысуышлар «Тілім менің – таусылмайтын байлығым» тақырыбына 1 бет көлемінде эссе жазды.

1

Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Алаш» тобы, ІІ орынды «Smart ұрпақ» тобы және ІІІ орынды «Жас ұрпақ» тобы иеленді.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале