Бүгін елімізде жалпыхалықтық республикалық референдум өтіп жатыр. Жалпы Бөрлі ауданында – 33, ал Ақсай қаласында 14 сайлау учаскесі бар.
Бөрлі ауданы Қызылтал шағынауданындағы №91 сайлау учаскесінде 06:55-те Мемелекеттік Гимн ойнатылып, 07:00-де комиссиялық құрам өз жұмысын бастады.
Негізінен аталған сайлау учаскесінде 2 749 адам тіркелген. Ертемен өз дауысын беруге келген халықтың қарасы қалың. №91 сайлау учаскесіне таңмен келгендердің қатарында «Sicim» компаниясының жұмысшылары да бар.
№91 сайлау учаскесінің мүшелері ең бірінші дауыс берген жергілікті тұрғындарға арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Аудандағы барлық сайлау учаскелері таңертеңгі 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы