Ақсайда 4-7 мамыр аралығында Жеңіс күніне орай өтеді деп жоспарланған «Бәйтерек Кубогы-2022» ерлер командалары арасында волейболдан аудандық ашық турнир бүгін басталды. Турнирге 13 команда қатысуда.
Олар: «Манас-Астана» (Нұр-Сұлтан қаласы), «МЖК-Строй Сервис» (Хромтау), «Qos Ozen» ЖШС командасы (Орал қаласы), Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Теректі, Шыңғырлау ауданы, «Бәйтерек» СҮ (Ақсай қаласы), Приурал ауылдық округі және Бөрлі ауданы командалары.
«Бәйтерек Кубогы-2022» деп аты айтып тұрғандай жарыстың бас демеушісі - «Бәйтерек» СҮ. Жүлде қоры - 1 миллион теңге.
Бүгінгі өткен жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Ермекбаев, жарыстың бас демеушісі «Бәйтерек» компаниясының бас директоры А.Омаров, «Ақсай Маркет» ЖШС директоры А.Жұмабеков, Бөрлі ауданы волейбол федерациясының президенті А.Мамбетов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов және бір топ ауған соғысының ардагерлері мен волейбол спорт түрінің ардагерлері қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Жаңабайұлы мен Бөрлі ауданы волейбол федерациясының президенті Айдар Мамбетов келген командаларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, аталған жарыс аудан әкімдігінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және «Бәйтерек» СҮ ұйымдастыруымен өтуде.
Жарысқа келіп, өз командаңызға жанкүйер болыңыз!
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz