Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Жастар жылы аясында, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен аудан жастарының басын қосатын "Bolashaq" коворкингі алаңының ашылу салтанаты өтті.
Жастар жылы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "АксайГазСервис" акционерлік қауымдастығының демеушілігімен салынған жобаның ашылуына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев, Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаевтың, "АксайГазСервис" АҚ-ның вице-президенті Алтынбек Каримовтар қатысты.
- Жастардың мүмкіндіктерін арттырып, олардың жан-жанқы дамуына оңтайлы жағдай жасау үшін аудан көлемінде ауқымды шаралар өткізіліп келеді. Сол іс-шаралардың деніне жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мұрындық болып отыр. "АксайГазСервис" акционерлік қауымдастығының демеушілігімен атқарылған бұл жұмыс жастардың жұмысын одан әрі ширатуына үлкен мүмкіндік береді деген ойдамын. Алдағы уақытта жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Бөрлі жастарының толағай табыстары көп болсын, - деді қала әкімі Амангелді Кәрімұлы.
Мейрамбек Сыдықов
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер