15.06.2020, 17:12
Оқылды: 33

Бөрліде зорлық-зомбылыққа қарсы акция басталды

Бөрлі ауданында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 15-18 маусым аралығында «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды. Аудан аумағында былтыр аталмыш жағдайға байланысты үш қылмыстық іс қозғалса, ағымдағы жылы бір қылмыстық оқиға орын алды.

Borli 2

– Жыл басынан бері әйелдерге қол көтеру фактісі бойынша 13 хаттама толтырылды. Материалдардың бәрі де сотқа жолданып,  кінәлі адамдар жазаларын алды. Бірақ отбасындағы кикілжің оқиғалар саны бұдан әлдеқайда көп. Өйткені полиция қызметкерлерін шақырып, кейін арыз түсіруден бас тартып немесе оны қайтарып алушылар қатары азаймай отыр. Жасыратыны жоқ, отбасылық кикілжіңдердің дені ішімдік кесірінен болады. Осы күнге дейін тіркелген істер бұған айқын дәлел, – дейді Бөрлі ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Тимур Майранов.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале