22.12.2021, 17:00
Оқылды: 119

Бөрлідегі белдесу

Бөрлі ауданындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен 2008-2009 және 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Бөрлі аудандық БЖСМ-нің ашық турнирі өтуде.

269767185_6639382662800933_6180912730856403351_n

Жарыстың ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімі Миржан Сатқанов, БҚО қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы, БҚО қазақ күресінен ерлер арасында аға жаттықтырушысы Қайрат Берсебаев, дзюдо күресінен БҚО қыздар арасында аға жаттықтырушы Қасым Қаженов, дзюдо күресінен әйелдер арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы Гаухар Ирмағамбетова және қазақ күресі спортының бір топ қалалық және аудандық оқытушы-жаттықтырушылары қатысты.

Жарыс шымылдығын ашып, құттықтау сөз сөйлеген Бөрлі ауданының әкімі Миржан Мұнайдарұлы мен БҚО қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Әсет Сұлтанұлы өз тарапынан аудан әкімі Миржан Мұнайдарұлы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Армат Исановқа алғысхат табыс етті.

Турнирге көршілес аудандар мен Орал қаласынан 9 команда, 150-ге жуық жас спортшылар қатысып, бақтарын сынауда.

Айта кетейік, өтіп жатқан жарыстың жеңімпаз, жүлдегерлері ертең анықталып, марапатталатын болады.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале