14.03.2022, 21:43
Оқылды: 61

Бөрлідегі Көрісу мерекесі

Көрісу мерекесі − ынтымақ пен берекенің, татулық пен бірліктің  көрінісі іспетті. Бұл күн, әсіресе өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Аталған мерекені Бөрлі ауданы жұртшылығы кеңінен атап өтті. Үлкен-кіші демей құшақтаса көріскен жұрт бір-біріне  жақсы сөздер айтып, ел тыныштығын тіледі.

DF4F98B5-6689-46A4-BE00-09CE585AD2D0

Қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен қол алысып, қал-жағдай сұрасуда. Ағайын арасындағы араздықты жойып, татулыққа шақыратын мерекенің жыл санап маңызы артып келеді. Аудандың мәдениет үйінің көркемөнерпаздары көктемнің басталғандығын хабарлап, Ақсайдың халық көп шоғырланған аумақтарында домбырамен ән айтты. Шаһардағы ірі сауда орталықтары «Алтындар», «Жібек жолы», «Ернар», «Жарсуат» сауда үйлерінде әннен шашу шашылып, театрландырылған көрініс қойылды.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Наурыз мерекесіне дейін ауданда мәдени-көпшілік іс-шара өтетін болады. Мәселен, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Шежіре», «Тарихқа тағзым» шаралары Балалар жылына орай «Айтыс өнері» және салт-дәстүрімізді жаңғырту бағытындағы бірнеше шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале