22.06.2023, 14:30
Оқылды: 38

Бөрлілік 15 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

11 жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Бөрлі ауданындағы 15 түлекті Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов қабылдап,  «Алтын белгі» төсбелгісімен мараптаттады. Артқан үмітті ақтап, жоғары білім көрсеткен түлектерге құрмет көрсеткен Мұхтар Серікұлы оларға естелік сыйлық пен ата-аналарына аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың атынан алғыс хат жолдады.

5d04f412-36e6-4c60-9806-3c4120eba5d6

Ауданда биыл 405 оқушы алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Олардың 15-і «Алтын белгі», 15-і «Үздік аттестат» иеленді.

b3c03d1e-0f7b-4d34-b1ed-eea5f07f3955

Биылғы оқу жылында білім саласындағы жетістіктер жетерлік. Арманы асқақ, мақсаты биік қыз-жігіттер ата-ана мен ұстаздар үмітін ақтап, сапалы білім алып, мемлекеттің гүлденуі үшін қызмет етуге уәде етті.

Кеуделеріне «Алтын белгі» төсбелгісін таққан 11 түлек қалалық мектепті аяқтаған болса, қалған төртеуі Бөрлі және Кеңтүбек орта мектептерінің түлектері.

Салтанатты шарады Ақсай қаласындағы №2 және №3 мектептердің түлектері Камила Сарбасова мен Нұрай Қуанышқалилар сөз алып, мектеп ұстаздарына алғыс айтты.

7dc04a33-f648-4c78-b4fb-c5d46ef420e3

Ал Ақсай қалалық №5 мектептің түлегі Алдияр Панагужевтың әкесі Серікқали Жаңабылұлы барша ата-аналар атынан аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале