26.11.2021, 11:30
Оқылды: 145

Бөрлілік Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

Спорттан Бөрлі ауданы қалай десек те алдыңғы шепте. Оны бұған дейінгі чемпиондарымыздың көрсеткішінен-ақ білесіздер. Оған тағы да Темірлан Көлбай мен Гауhар Ермағанбетованың 19-21 қараша күндері Орал қаласында өткен дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында чемпион,
Әділбек Сейсовтың Ташкент қаласында самбо және жауынгерлік самбодан өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атануы дәлел. Былайша айтқанда Бөрлі жеріне жыл соңы алтын жауған сәт болды. Осыған қарап "Ақсай - чемпиондар қаласы" десе де жарасатындай.

24

Осы орайда аудан әкімі Миржан Сатқанов жауынгерлік самбодан Әлем чемпионатында және дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп Әлем чемпионы атанған жоғарыда аталған чемпиондарымыз бен олардың жаттықтырушысы Қасым Қаженовты қабылдап, ризашылығын білдірді.

25

Айта кетейік, жерлес спортшылар Әділбек Сейсов 12-14 қараша күндері Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болса, Гауhар Ермағанбетова мен Көлбай Темірлан 19-21 қараша күндері аралығында Орал қаласында өткен ел чемпионатының алтынын олжалаған болатын.

23

Бөрлі ауданының әкімі спортшыларды байрақты бәсекедегі жеңістерімен құттықтады. «Аудан спортшылары қай жарысқа қатыспасын әркез үздіктер қатарынан көрініп келеді. Бұл нәтиженің барлығы сіздің тынымсыз еңбегіңіз,-деді аудан әкімі бапкерге. «Әрбіріңнің маңдай терімен келген жеңіс жолындағы кездескен талай қиыншылықтар мен кедергілердің болғанын білемін. Ол қиындықтардың біріне де мойынсұнбай жеңіске жетіп, Бөрлі ауданының мерейін үстем еткен өздеріңізге алғыс білдіремін. Өздеріңдей ел чемпиондарына қашанда сене отырып, қолдауға әзірміз, қолдай да береміз»,-деді Миржан Мұнайдарұлы сөзін жалғап.

26

Құттықтау сөзінен кейін аудан басшысы спортшыларға және бапкері Қасым Қаженовке алғыс хат, сондай-ақ Бөрлі ауданының мәслихат депутаты, жергілікті кәсіпкер Серік Дүйсенов ағамыз спортшыларды қолдауда өз үлесін қосып 150 000 теңге ақшалай сый ретінде сертификаттар табыс етсе, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Сейсов Әділбекке спорт жанашыры ретінде өз жомарттықтарын танытқан Мұрат Галиев ағамыз бастаған бір топ Қызылтал ауылының азаматтары Әділбекке тұлпар мінгізді. Айта кетейік Әділбек ауданның Қызылтал деп аталатын ауылының тумасы.

28

27

Басқосу соңында спортшылардың бапкері Қасым Қаженов спортшыларға ерекше көңіл бөліп, қабылдаған аудан басшысына, демеушілік танытып жатқан азаматтарға алғысын айтып, өзінің ұсыныс-пікірін жеткізді.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале