27.08.2020, 16:14
Оқылды: 68

Бөрлілік ардагер журналистің майдангерлерге арнаған кітабының тұсауы кесілді

Көп жылдар баспасөзде жұмыс жасаған тыл және еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қуанышқали Қабдошұлы әлі де қаламнан алыстаған емес. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында журналист ақсақалдың «Соғыстан қайтқан сардарлар» атты кітабының тұсауы кесілді.

ardager (1)

Кітап Бумакөл ауылдық округінде 1941-1945 жылдары қан майданда оқ пен оттың ортасында болып, елге оралған соғыс ардагерлеріне арналды. Жинақта олардың соғыс кезінде жасаған ерліктерімен қатар ауыл өміріне косқан өлшеусіз еңбектері туралы сөз қозғалады.

– Мен осы кітапқа енгізілген марқұм соғыс ардагерлерімен ұжымшарда бірге жұмыс жасадым. Жер жырттық, егін ектік, малға жемшөп дайындадық. Әрине ол кезде ардагер ағалар туралы естелік кітап жазамын деген ойда болған жоқ.  Енді, міне, өзім де қартайған шақта ағаларды еске алып отырмын. Бүгінде өмірде жоқ ағалардың рухы риза болса маған сол да жетерлік, – дейді Ғұсманов Қуанышқали аға.

ardager (2)

– 84 жасында соғыс ардагерлеріне арнап естелік жазып, оқырмандарға ұсынып отырған өмірлік тәжірибесі мол журналист Қуанышқали Ғұсманов ағайға Бумакөл ауылдық округі тұрғындары шын риза. Жазары таусылмасын, – дейді Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Орынбасар Төлемісов.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале