25.02.2025, 14:30
Оқылды: 342

Бөрлілік ардагерлер волейболдан бақ сынады

Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде волейболдан ардагерлер арасында ашық аудандық турнир өтті.

волейбол (1)

Жарысқа 5 команда, 30-дан астам спортшы қатысты. Аталған жарысқа Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарының және Пугачев пен Кеңтүбек ауылдық округтің командалары қатысып, өзара бақ сынасты.

Қорытындысында жалпы командалық есепте Кеңтүбек ауылдық округі командасы І орын, Теректі ауданының командасы ІІ орын, ал Тасқала ауданының командасы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар жарыс барысында үздік ойынымен көзге түскендер аталымдармен марапатталды. Атап айтсақ, Сәкен Сабиров «Үздік шабуылшы», Жасболат Ескендіров «Үздік байланыстырушы», Максим Умаргалиев «Үздік қорғаушы», Нұрбек Сұпығалиев «Үздік ойыншы» аталымдарын иеленді.

волейбол (2)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен, кубоктармен және демеушілер атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале