17.09.2024, 16:45
Оқылды: 127

Бөрлілік каратэшілер ел чемпионатынан жүлделі оралды

5-9 қыркүйек күндері Шымкент қаласында Шито-рю каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

B2AA53B9-70CB-42FB-B6E5-07B2B74E8F4E

Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және түрлі облыстардан 700-ге жуық спортшы қатысты.

Батыс Қазақстан облысы командасының құрамында болған Бөрлі ауданы БЖСМ-нің тәрбиеленушілері де қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша КАТА бағдарламасынан Ерназар Ижекенов мен Азиз Ибадуллаев үздік атанды. Осы бағдарлама бойынша Жасмин Жаманова үшінші орынды еншіледі.

18 жастан жоғары әйелдер арасында КАТА бағдарламасыда Динара Макажанова екінші орынға, 61 кг салмақта кумитэ әдісі бойынша үшінші орынға қол жеткізді.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале