20.11.2020, 11:01
Оқылды: 24

Бөрлілік «Квартал Ақсай» командасы чемпион атанды

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас дем» ЖҚБ ұйымдастыруымен мемлекеттік тілде КТК қозғалысын дамыту, Қазақстан халқының бірлігі мен достығын жастар арасында кеңінен насихаттау, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында «Жайдарман» қозғалысын дамытуға арналған іс-шаралар атқарылып келеді.

E43ED303-E145-4B83-A987-6B2D969A5717

Жоба аясында 16-19 қараша күндері «Жайдарман» фестивалі мен ашық лига «Жайдарман» чемпионатының финалдық ойындары өткізілді. Бұл ойынға жүзден жүйрік шыққан командалар жолдама алды. Көптің көңілінен шыққан үздік бестік өзара кім мықтыны анықтады. Олардың қатарында «Квартал Ақсай», «Дежавью», «Моцарт», «Европолис», «Белес» командалары болды.

Мықтылар санға түскен финалдық ойында бөрлілік «Квартал Ақсай» командасы өзгереден озық шығып, биылғы жылдың чемпионы болды. Жеңімпаздарға кубокты самбодан әлем чепмионы Ерболат Байбатыров табыстады. Қазылар алқасы да команданың болашағынан зор үміт күтетіндерін, олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен мінездері бар екендіктерін тілге тиек етті.

-Осы белеске шығу үшін өте көп еңбектендік. Алдағы уақытта жоспар өте көп. Біз бұл жеңісімізді Бөрлі ауданның 85 жылдығына арнаймыз,- дейді команда капитаны Ислам Тлекешов.

«Квартал Ақсай» командасы Қызылорда қаласында өтетін республикалық «Бірінші лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысында өнер көрсетпек.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале