9.11.2020, 9:31
Оқылды: 32

Бөрлілік өнерпаздар жарады

Бөкей ордасына қарасты Бөрлі ауылы М.Бегалиева атындағы мектептің оқушылары республикалық өнер аламанында топ жарып, аудан атын шығарды.

 онерпаздар (2)

Бөрлілік өнерпаздар республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Ұстазым – ұлағатым» атты онлайн конкурсқа қатысып, жүлделі орын алды. Хореграфия және эстрадалық вокалдан сынға түскен конкурста «Әсем-ай» би тобы ІІ орын алса, «Гүлдер» вокалдық тобы І орын иеленді. Жеке орындаушылар Радмира Қажыкен мен Гүлмерей Жасталаптар да өнерлерімен оза шауып, ІІ орын алды.

Аталмыш мектептің 5-сынып оқушысы Милана Самиғолла да республикалық ән додасында топ жарды. Милана биыл наурызда Алматыда өтетін «Бала даусы» республикалық байқауына қатысуға тиісті еді. Елдегі індет жағдайына байланысты аталмыш байқау онлайн форматында өтті. Абайдың «Сегіз аяғы» мен «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әндерін акопелламен орындап жолдаған Миланамыздың бағы жанды. Конкурсты ұйымдастырушылар кішкентай әнішімізге жеңімпаз сертификаты мен «Бала дауысы» байқауының бренді бас киім мен сөмке жолдаған екен.

 

Әсел Айтқалиева,

мәдениет үйінің әдіскері,

Бөрлі ауылы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале