Бүгін Бөрлі ауданында ҚР полициясы күні аталып өтілді. Салтанатты жиынға бірқатар полиция ардагері де қатысты.
Тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтаған аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов:
– Азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға елеулі үлес қосып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын орнықтыруда уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман, полиция қызметкерлерінің мәртебесі биік болсын, - деп бірқатар полиция қызметкерін алғыс хатпен марапаттады.
Одан әрі сөз алған қала әкімі Арсен Баяндықов пен аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев та лебіз білдіріп, сала қызметкерлеріне марапат ұсынды. Сонымен бірге аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бекбол Уртаев та бөлімдегі қызметкерлерін құттықтап, облыстық полиция департаменті басшысы атынан және өз атынан дайындаған алғыс хаттары мен бірге «ҚР полициясына 30 жыл» төсбелгісін табыстады.
Кездесу барысында полиция саласында ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагері де сөз алып, кәсіби мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz