22.06.2022, 17:30
Оқылды: 71

Бөрлілік полициялар марапатталды

Бүгін Бөрлі ауданында ҚР полициясы күні аталып өтілді. Салтанатты жиынға бірқатар полиция ардагері де қатысты.

289540867_3321095501549021_7123564279777555436_n

Тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтаған аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов:

 – Азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға елеулі үлес қосып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын орнықтыруда уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман, полиция қызметкерлерінің мәртебесі биік болсын, - деп бірқатар полиция қызметкерін алғыс хатпен марапаттады.

Одан әрі сөз алған қала әкімі Арсен Баяндықов пен  аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев та  лебіз білдіріп, сала қызметкерлеріне марапат ұсынды. Сонымен бірге аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бекбол Уртаев та бөлімдегі қызметкерлерін құттықтап, облыстық полиция департаменті басшысы атынан және өз атынан дайындаған алғыс хаттары мен бірге «ҚР полициясына 30 жыл» төсбелгісін табыстады.

289701971_3321095064882398_5967467427609033813_n

Кездесу барысында полиция саласында ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагері де сөз алып, кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале