25.04.2023, 17:45
Оқылды: 30

Бөрлілік спортшылар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Жуырда Қарағанды қаласында  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Г. С. Лутошкинді еске алуға арналған каратэден (WKF) KARAGANDA OPEN халықаралық турнир өтті.

Оған Бөрлі ауданының спортшылары қатысты.

a96d5bbe-7008-4d2a-9e5b-7f1511419c20

Аталған жарысқа Башқұртстан Республикасы және еліміздің Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, Жетісу, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Астана, Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Турнирде білек пен аяқ күшін баптап барған спортшылар «жекелей ката» және «кумитэ» бағдарламалары бойынша өнер көрсетті.

b2825511-a6d6-425e-bb27-2270a6e08fc5

Нәтижесінде әртүрлі салмақ дәрежесінде Азиз Ибадуллаев (ІІІ орын), Санжар Тажгалиев (І орын), Милана Мурзанова (ІІІ орын), Ернар Хасанов (ІІ орын), Дильназ Тойшыбай (ІІ орын), Ернар Кульмбетов (ІІІ орын), Динара Макажановалар (ІІІ орын) үздік үштіктің қатарынан табылып, облыс мерейін үстем етті.

- Мұндай жарыстар жеткіншектер үшін аса маңызды. Себебі тартысты додаларда шеберліктерін шыңдайды. Өңірдегі жас каратэшілердің жетістіктері де көңіл қуантады. Осы жарысқа тыңғылықты дайындалып, жақсы жетістікке жеттік. Алда тағы да турнирлер бар, дайындық қызу, – дейді аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэ бөлімінің жаттықтырушысы, бапкер Дархан Сапаров.

 

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале