26.06.2024, 18:30
Оқылды: 191

Бөрлілік тоғызқұмалақшылар облыс намысын қорғады

Ақыл мен шапшаңдықты, ұшқыр ой мен табандылықты талап ететін тоғызқұмалақ ойынын қазір әлем қызыға ойнайды. Бір қарағанда ойын ретінде көрінгенімен математика мен логиканы ұштастырған нағыз зияткерлік спорт түрі деседе болады.

спорт тоғызқұмалақ (2)

Бөрлі ауданында аталған спорт түрімен шұғылданып жатқан жасөспірімдер жыл санап көбейіп келеді. Тиісінше, облыс, республика көлеміндегі жарыстар мен чемпионаттардың саны да артуда. Осындай жарыс жуырда Шымкент қаласында өтті.

Бұл жолғы жарыс 10-12 жас ерекшелігі бойынша еліміздің оқушыларының XII жазғы Гимназиадасы деп аталды. Оған Ақсай қалалық №3 ЖББОМ оқушысы Саида Тудахунова мен Ақсай қалалық №6 мектеп-лицейінің оқушысы Ерназар Абунагимов қатысып, 1 тақтада екеуіде І орынды иеленді.

Команда қоржынында үш – І орын және үш – ІІ орын иеленген облыс құрамасы өзге облыстардан оқ бойы оза шауып, өңір намысын қорғап, чемпион атанды.

Айта өтейік, аудан спортшыларын жарысқа дайындаған – Сайлан Матылов.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале