ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралаық бағдарламалар орталығы» өкілдері Бөрлі жастарымен кездесті.
Арнайы Астанадан келген меймандар аудан жастарына, мемлекеттік қызметкерлерге және жоғары оқу орны қызметкерлері мен оқушыларға шет елдерде қалай тегін білім алуға немесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы қалай оқуға түсуге болатындығы туралы мағұлымат берді.
«Болашақ» бағдарламасының құжаттар қабылдау бөлімінің менеджері Дина Омарованың айтуынша, биылдың өзінде 200-ден аса грант Венгрия еліне, 125 грант Қытай еліне бөлінген.
Құжаттарды тапсыру үшін Астана қаласына бару міндетті емес. Биылдан бастап басқа қалада тұратын кез келген адам ХҚКО немесе egov парталы арқылы құжаттарын тапсыра алады. Құжаттар қабылданғаннан кейін үміткер емтиханнан өтеді. Емтиханнан өткен соң қорытынды республикалық комиссияға жіберіледі. Сол жерден шешім қабылданады.
Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламасы бойынша білім алуға шақырған жиында бөрлілік жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Айым НҰРҒАЛИЕВА,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!