Әрбір Қазақстан азаматы үшін өте маңызды күнде Бөрлі ауданы бойынша 34 сайлау учаскесі өз жұмысын жалғастыруда.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, жалпы, ауданның 38874 тұрғыны дауыс беруге құқылы. Олардың 28258-і аудан орталығында, ал 10616 адам ауылдық округтерде дауыс береді.
Саяси науқанның басталғанына аз ғана уақыт болса да, өз учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатқан бөрліліктердің белсенділіктері жоғары.
Айта кетейік, сайлау учаскесіне бірінші болып келгендерге, туған күн иелеріне, алғаш рет дауыс берушілерге және 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000, 2000 және 2500-ші болып дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталуда. Дүниежүзілік балалар күніне орай ата-анасымен алғашқы келген балаларға да сыйлықтар бар.
Сайлау учаскелерінің алдында концерттік бағдарламалар, ұлттық спорт ойындары мен жәрмеңкелер өтуде.
Сондай-ақ Ақсай шаһарындағы барлық бағытқа қатынайтын қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетуде.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz