Бөрліде сайлау науқаны қызу өтуде. Тұрғындар өз азаматтық таңдауын жасауға ұлттық киіммен, отбасыларымен және көше-көше болып келуде.

Атап айтқанда, №91 сайлау учаскесіне аудандық демалыс орталығына қарасты Қызылтал клубының жанынан құрылған «Шежіре» ардагерлер клубының мүшелері ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ақ жаулықты әжелер мен қазақы шапан киген аталар өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, сайлау учаскесіне ерекше сән берді десек болады.

Сондай-ақ бүгінгі сайлауға отасқандарына 30 жыл толған мерейтой иелері – Балмашев, Ишанов және Утегеновтер отбасылары да бірге келіп, дауыс берді. №91 сайлау учаскесінде дауыс берген мерейтой иелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы
