30.11.2024, 10:00
Оқылды: 34

Борсыда заманауи үлгідегі ФАП қолданысқа берілді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып келеді. 2023-2024 жылдар кезеңінде ауылдық елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін пайдалануға беру жоспарға сай жүргізілуде. Соның бірі –  Жәнібек ауданына қарасты Борсы ауылдық округінде бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

image-29-11-24-11-28-8

Жыл басынан бері борсылықтар тағатсыздана күткен медициналық нысанның бүгін салтанатты түрде ашылу жиыны өтті.

image-29-11-24-11-28-5

Ауыл халқының қуанышын бөлісе келген аудан басшысы Тимур Шиниязов:

- Құрметті жерлестер, баршаңызды бүгінгі жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылу салтанатымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға, соның ішінде денсаулық сақтау саласына ерекше мән беріп, медициналық инфрақұрылымды жақсартудың маңыздылығын атап өткен болатын. Өздеріңізге белгілі 2023 жылы елімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданған болатын. Аталған жоба аясында былтырдан бері тек қана біздің аудан бойынша 4 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтсе, 3 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп, кілті табыс етілді. Соның бірі – Борсы ауылдық медициналық пункті. Сондай-ақ 2025 жылда да осы жоба аясында 2 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Бұның барлығы ауылдық жерге деген үкімет тарапының қолдауы деп білеміз. Осы орайда, нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген, уақтылы және сапалы түрде салған жергілікті «Символ» ЖШС жетекшісі Есқайыр Елемесовке тұрғындар атынан, өз атымнан шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызды айтулы күнмен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін, - деп ашылу салтанатында өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді.

image-29-11-24-11-28-5

Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, аудандық аурухананың директоры Сәуле Исмағұлова және аталған нысан құрылысына жауапты  мердігер компанияның басшысы Есқайыр Кафарұлы салтанатты жиында төбе көрсетті.

image-29-11-24-11-28-6

Ал жиылған жұртшылықтың қуанышын жеткізген ауылдың сыйлы ақсақалы Ғайнолла Есенғалиев ФАП-тың салынуына мұрындық болған аудан басшылығы мен Есқайыр Кафарұлына алғысын жаудырып, Тимур Серікұлымен бірге салтанатты түрде қызыл лентаны қиды.

image-29-11-24-11-28-4

Жаңа ғимаратқа кіре «Зерде» ансамблінің ақ жаулықты әжелері  ақ ұсынып, шашу шашса, Сағадат Қаратаев аталы батасын берді.

image-29-11-24-11-28-1

Айта кету керек, Жаңа медициналық пункт қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және жиһазбен толықтай қамтамасыз етілген. Бұл ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, уақтылы профилактикалық жұмыстар және тексерулер өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде медициналық мекеме кадрлармен толыққан. Нысанға жауапты Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, нысанның құны 142 770,5 мың теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін 25 адам құрылыс жұмыстарына тартылған. Техникалық қадағалауға жауапты «ЖайықСтройИнжиниринг» ЖШС нысанның барлық белгіленген талаптарға сай екендігін растады.

image-29-11-24-11-28-7

Жаңа медициналық нысанның су жаңа медициналық көлігі де, қуанышты еселей түскендей. Ауыл халқының игілігі үшін салынған, көрген көзді қуантпасқа қоймайтын нысан сапалы медициналық көмегімен де қуантады деп сенім білдіреміз.

image-29-11-24-11-28-2

image-29-11-24-11-28

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале