13.10.2023, 17:54
Оқылды: 44

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін  Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы, аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

FB_IMG_1697196922598

Маңызы орасан шарада екі қолға бір күрек тапқалы келген жандарға аудан әкімі Тимур Шиниязов сәттілік тіледі.

- Бүгін ауданымызда жұмыс іздеушілерге жәрмеңке өтуде. Мемлекет тарапынан жұмыссыздықты жою, жұмыспен қамту шаралары басты назарда. Қазіргі кезде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы бекітілген. Осы жоба аясында аудандық «Мансап» орталығына 1441 адам жолығып, 806 адам жұмыспен қамтудың шараларына тартылды. Күні бүгінге аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 954 адам, яғни жұмыссыздық деңгейі 11 пайызды құрап отыр. Жәрмеңке өткізудің мақсаты – жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау болып табылады. Жәрмеңкеде 20 мекемеден 87 бос жұмыс орнына сұраныс келіп түсіп, сұраныс берген мекемелердің басшылары мен кадр мамандары қатысуда, - деді.
Аталмыш шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, демалыс орталығы, білім беру бөлімі, аурухана, мектептен тыс жұмыстар орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, №1 мектеп-лицейі, Т.Жароков атындағы орта, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептері, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, «Жәнібек» бөбекжайы, аудандық «Шұғыла» газеті, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан азаматтың 74-і жолдама алды.

Лаура Халина,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале