Бостандық ауылдық округінде өткен есеп беру жиынына Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаты Дархан Дәулетияров, салалық бөлім, мекеме басшылары, округ тұрғындары қатысты.
Бостандық ауылдық округінің әкімі Есбол Сақауов осы жылдың І жартыжылдығында округ бойынша тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тізбектеп, олардың орындалу барысымен таныстырды.
Округ орталығында салынған дәрігерлік амбулаторияны теңгерімге алу және амбулаторияға қосымша штат (тұрақты дәрігер) алу бойынша құжаттар рәсімделіп жатыр. Бостандық ауылдық округінде 2 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жұмыстары белгіленген уақытта аяқталмақ. Таза су қондырғысына жөндеу жұмыстарын коммуналдық шаруашылық кәсіпорыны жүргізген. Шаруа қожалықтары жерлеріне су шығаруға «КазСуШар» РМК-мен келісім шартқа отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде түсінік жұмыстары жүрсе де, осы күнге дейін шаруа қожалықтары келісім шарт жасамай отыр. Бостандық ауылындағы мал моласын қоршау жұмыстары қаражатқа байланысты жұмыс бітпеген.
Бостандық жалпы орта білім беретін мектебіне 2 жаңа қазандық алынған. Бостандық - Қаракөл бағытына қатынайтын жолды көтеріп, жаңа көпір құрылысына ЖСҚ жасақтау. Осы уақытқа дейін көпір мен Қаракөл клубында құжаттар болмаған болатын. Қәзіргі таңда құжаттар жасалып, теңгерімге алынды. Алдағы уақытты жұмыстар жалғасын табады. Қаракөл ауылына қуаттылығы жоғары (400 Вт) трансформатор орнату бойынша трансформатор әзірге орнатылмаған.
Биыл кабельдерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Байқағанымыздай, біраз жұмыстардың өз кезегінде шешімін тауып жатқандығы.
Жиында сөз алған мәслихат депутаты Дархан Дәулетияров та округ бойынша атқарылған жұмыстар желісін баяндады. Жиын барысында аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы округ тұрғындарын толғандырған сауалдарға жауап бере отырып, жалпы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде біраз мәлімет берді.
Жиын соңында округ тұрғындарын жеке мәселелерімен де қабылдау ұйымдастырылды.
Қайрат Жақып
Казталов ауданы