19.09.2022, 11:15
Оқылды: 50

Бостандықта спорттық балық аулаудан жарыс өтті

Кеше «Айбын» спорт клубының нұсқаушы әдіскері Мырзабек Маратовтың ұйымдастыруымен әуесқой балықшылар арасында спорттық балық аулаудан Казталов ауданы Бостандық ауылы тұрғындары арасында «Күміс шабақ - 2022» жарысы өткізілді.

fd4d5fb6-42df-460f-9bed-9613188e2367

Бұл іс-шараға Сарыөзен жағасын мекен еткен Бостандықтың жасы да, үлкені де атсалыса қатысты. Жарысты тамашалауға келген Бостандық ауылдық округінің әкімі Асыланбек Сармалаев балықшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Ауыл тұрғындарының демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен бәсекеде қатысушыларға белгіленген орын және балық аулауға 2 сағат уақыт берілді. Жарыста бағы оза шауып І орынды Әсет Қисамиденов, ІІ орынды Асылхан Өтепов, ІІІ орынды Оразбек Шайзадинов иеленді.

76feaae9-9d0e-4dc9-9677-cc5cbe6c94a6

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале