25.04.2023, 18:19
Оқылды: 28

Боз кілемде белдесті

Мектепте балаларға сабақ беріп жүріп, спортты серік еткен ұстаздар боз кілемде бақ сынады. Аудандық іріктеу турниріне сегіз өгіз палуан және жеті түйе палуан қатысты. Жарысқа қатысушылар әдеттегідей кәсіби боз кілем шеберлері емес, мектеп мұғалімдерінің шығуы көпшілік үшін қызықты болды. Сөйтіп, сегіз қырлы, сайдың тасындай тізілген жігіттер турнирді нағыз тартысты додаға айналдырды.

342525120_650722220355394_4033502869414692368_n

Жарыс екі салмақ дәрежесінде өтті. Бұрынғы турнирлерде жанкүйерлер «Түйе палуандардың» күресін тамашалауға асығатын еді. Бұл жолы «Өгіз палуан» атауы үшін белдескендер де «сен тұр мен атайын» деген спортшылар болды.

342853931_527971422874055_5134862132845813835_n

Сайыстың нәтижесінде 70 келіге дейінгі салмақта Темірлан Нұрсұлтанов (№5 ЖОББМ) «Өгіз палуан» атанып, мектептің мерейін үстем етті. Әділбек Сариев (МТЖО) екінші, ал Райымбек Қанатов (Бөрлі №1 ЖОББМ) болса үшінші орныға тұрақтады.

Ал көпшіліктің көңілінен шыққан «Түйе палуан» атағына (74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде)  Арман Кабулов (Кеңтүбек ЖОББМ) лайық болды. Жүлделі екінші орын Махамбет Орынбасарға (№1 ЖОББМ), Нұрбол Жұмагұловқа (Бөрлі №1 ЖОББМ) үшінші орын бұйырды.

Айым Ғабділбарқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале