31.05.2019, 16:00
Оқылды: 89

Боздақтар мәңгі жадымызда

Теректі аудандық Достық үйі алаңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында жиын өтті.

 terekti (5)

         Шарада аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, Аңқаты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрманғазы Жаленов және ардагер ұстаз, Долин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Александра Мазур сөз сөйлеп, жазықсыз жапа шеккендер тағдырынан сыр шертті.

         -Бас көтерген азаматын «халық жауы» деп, қан қақсатқан қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол құрбандардың ішінде 40 теректілік болған. Елбасымыз Н.Назарбаев қыршын кеткен боздақтарымызды өскелең ұрпақ ұмытпасын деп 1997 жылы еске алу күнін бекіткен Жарлыққа қол қойды. Содан бері бұл күн еліміз үшін маңызды даталардың қатарына қосылды, - деді аудан әкімінің орынбасары Ержан Нұржанұлы.

terekti (4)

         Жиынға қатысушылар құрбандарға құрмет білдіріп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Монумент алдына гүл шоқтарын қойды.

         Мәдениет үйінің қызметкерлері: Әділбек Қожабеков, Нұрсұлтан Қадырғали, Федоров қазақ мектебінің 10-сынып оқушысы Саягүл Құлмұқанова боздақтар жайлы монолог оқыды.

terekti (1)

         Жиын Достық үйінің ішінде жалғасты. Аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылса да, халқының қамы үшін аянбай тер төккен жандар жайында кітап көрмесін ұйымдастырды.

         Тарихи оқиға жастардың жадында мәңгі қалсын деген мақсатта аға буын өкілдері естіген, көрген, оқыған мәліметтерін баяндады.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале