2.05.2023, 16:00
Оқылды: 12

Бозкілемде бағы жанып, күміске қол жеткізді

28-30 сәуір күндері Атырау қаласында өткен еркін күрестен «Модернстрой» жүлдесіне арналған Халықаралық турнирде жерлес спортшымыз Айтжан Нұржанов 80 келі салмақта күміс жүлдені қанжығаға байлады.

WhatsApp Image 2023-05-02 at 12.21.59

 Аталған халықаралық турнирге еліміздің барлық аймағымен қатар, Ресей, Әзербайжан және Өзбекстан мемлекеттерінің балуандары қатысты. Алғашқы белдесуде Атыраулық балуанды, кезекті  екінші белдесуде Ақтөбелік балуанды шаң қаптырған спортшы, үшінші белдесуінде  Шығыс Қазақстан облысынан келген бозкілем шеберін айқын басымдықпен ұтты.

Үш белдесуде де қарсылас шақ келтірмеген Айтжан Нұржанов финалға жолдама алып,  ақтық сында Дағыстан елінің спортшымен бәсекеге түсіп, есе жіберді.

WhatsApp Image 2023-05-02 at 12.21.56

Айта кетейік, Айтжан Нұржанов -  еркін күрестен ҚР спорт шеберіне үміткер спортшы. Ол  бұған дейін көптеген облыстық, республикалық, халықаралық,  жарыста жеңімпаз атанып, жүлдегерлер сапынан көрініп келеді.

Қазіргі таңда Орал қаласындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 11-сыныбының оқушысы. Оны алғаш спортқа баулыған,  еркін күрестен алғашқы жаттықтырушысы аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Мейрам Гиляжев.

Туған ауылынан қажетті білім мен біліктілік дағдыларын, спортшыға тән жігерлілік, қайсарлылықты бойына жиған жас спортшы бүгінде Дулат Самиев, Мерген Тілек деген секілді тәжірибелі жаттықтырушылардан тәлім алып жүр.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале