15.04.2021, 14:51
Оқылды: 67

Браконьерлер ұсталды

Полиция қызметкерлері 800-ден астам киік мүйізін тәркіледі. Бұл мүйіздердің құны шамамен есептегенде 2 млрд. теңгені құрайды. Тергеу барысында ұсталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта олардың сыбайластары мен мүйіздерді өткізетін орындары анықталуда.

6F96A8F3-BD30-4947-A326-5E73E732154A

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және БҚО ПД-ның қызметкерлері арнайы операция өткізіп, нәтижесінде Бөкей ордасы ауданының 1982 және 1994 жылы туған үш тұрғынын ұстап, олардан 8 қапшыққа салынған 805 киік мүйізін тәркіледі. Ұсталғандардың айтуынша, 2020 жылдың күзінен бері осы уақытқа дейін өлген киіктердің мүйіздерін кесіп алып, болашақта өткізіп жіберу үшін сақтап келген екен.

2021 жылдың 10 сәуірінде ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның ішінде биологиялық және трасологиялық сараптама түрі де бар. Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің салдарынан келтірілген шығын шамамен есептегенде 2 млрд. теңге.

8DD5A790-0F75-4533-98A6-8106A7BC9C18

Қазіргі уақытта таяу шетелдерде осы киік мүйіздерін көтерме бағамен сатып алумен айналысатын адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Киіктерді заңсыз атумен және оның дериваттарымен заңсыз айналысумен байланысты қылмыс Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша бөлек қарастырылады. Осы бапқа сәйкес киіктерді, олардың дериваттарын, соның ішінде мүйіздерін заңсыз аулау, жою, заңсыз табылған киіктерді сатып алу, сақтау, өткізу, әкету, әкелу – бұл бойынша 3 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2020 жылы киіктің дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша 61 факті тіркеліп, 30 іс сотқа дейін жетті. Оның 15-сі бойынша ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлімі 2-тармағымен қысқарту туралы шешім қабылданды, 14-і бойынша тергеу мерзімі үзілді.

Биыл 17 факті тіркелді, оның ішінде 8 факті бойынша іс сотқа жолданып үлгерді, қалған фактілер бойынша тергеу жүргізілуде.

Тимур Артығалиев,

Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімінің

әкімшілік полиция бөлімше бастығы,

полиция капитаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале