28.06.2023, 17:10
Оқылды: 46

“Бұқаралық ақпарат - халықтың мінбері, биліктің терезесі”

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлерімен жүздесті. Қабылдауға Жымпиты өңіріндегі баспасөздің қарашаңырағы - “Сырым елі” қоғамдық - саяси газеті редакциясының ұжымы, “AQJAYIQ” арнасының аудандағы өкілдері қатысты. 

PHOTO-2023-06-27-15-46-32

-Ахметтің “Газет - халықтың тілі, құлағы һәм көзі” - деген сөзі әлі өзектілігін жойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары - халықтың мінбері, биліктің терезесі. Ауданның тынысын таспалап, жылнамасын жазып жүрген әріптестерге еселі еңбегі үшін алғыс айтамын! - деген аудан басшысы “Сырым елі” қоғамдық - саяси газетінің редакциясына алғыс хат тапсырды.

PHOTO-2023-06-27-15-46-36

Өз кезегінде журналистер, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Мүсірбек Айташев, Бауыржан Ширмединұлы баспасөз ісінің бүгінгі мәселелері туралы сөз қозғады. Журналистерге әлеуметтік мәртебе беру жайы әлі күнге ретін тапқан жоқ. Соның кесірінен аудандарда қызмет ететін тілшілер жас мамандарды қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарлаламарға қатыса алмай жүр. Оларға тұрғын үй де қолжетімсіз. 

PHOTO-2023-06-27-15-46-33

Аудан әкімі “ Сырым елі” газетіне оқырман ретінде шығармашылық табыс тіледі. 

Түстен кейін Жымпитыдағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлының “ АҚ КИІЗ” тарихи драмасы қойылды. 

PHOTO-2023-06-27-15-46-32 (1)

“Сырым елі”,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале