Бөкей ордасы ауданына қарасты саралжындық аруымыз, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының І курс студенті Мәдина Бақтыгереева сайлауға алғаш рет қатысып, өз дауысын берді.
- 25 шілде күні еліміздің бірқатар аймағында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтуде. Біздің ауылымыз аудан бойынша көш бастаған екі ауылдың бірі. Бұл сайлаудың тарихта қалары сөзсіз. Мен бірінші рет дауыс беріп отырмын. Лайықты үміткерге дауысымды бердім. Барша ауылдастарымызды дұрыс таңдау жасауға шақырамын. Себебі қос үміткердің де сайлауалды бағдарламасы баршамызға таныс. Бағдарлама - үміткердің халқына берген уәдесі. Ол орындалатын болса ауылымыздың болашағы жарқын болатынына сенім мол, - дейді Мәдинамыз.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz