20.01.2020, 19:12
Оқылды: 162

«Бұлан» қожалығында мал бордақылау алаңы іске қосылмақ

Сырым аудандық Бұлан ауылдық округіндегі «Бұлан» шаруа қожалығының иелігінде 110 ірі қара, 147 жылқы бар. Қожалық малды жайылымға шығаруды 17 желтоқсаннан бастап тоқтатыпты.

dav

-Ондағы мақсат - малдың күйін жоғалтып алмау. Мал азығының қоры да жеткілікті. Өткен жазда 1 700 бума шөп дайындадық, оның үстіне 30 тонна кебек арпа алдық.

Қыстақ жайлы басталды, қар да қалың түскен жоқ. Жазғытұрым жауын-шашын аз түсіп, көлдерге су түспей қалса, қуаңшылық болуы мүмкін. Былтырдың өзінде айналадағы шабындықтар сусыз қалып, мал азығының денін Сарой мен Бұлдырты жағынан дайындадық.

dav

Қазір мал төлдей бастады. Бүгінгі күн асыл тұқымды 55 сиырдан 35 бұзау алдық, - дейді бізге қыстақ жайын баяндаған қожалықтың өкілі Мақсот Досалиев.

dav

Шаруашылық былтыр күзде аналық бас ұстауға және мал бордақылауға арналған бір баз бен мал сою алаңының құрылысын аяқтаған-ды. Кешікпей аталмыш алаң іске қосылмақ. Өткен аптада бұл қожалыққа аудан әкімі Төлеген Төреғалиев те арнайы атбасын бұрып, шаруа адамдарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале