Балалардың дүниетанымының бай болуына ойыншық жақсы әсер ететіні белгілі. Ойыншық арқылы бала сезімдері айшықталып, қоршаған ортада болып жатқан нәрселерден хабардар болады.
Жақында осы мақсатта Бәйтерек ауданына қарасты Дариян мектеп-гимназия-интернатының тәлімгері Айдана Асхатқызы мектепалды даярлық тобы және 1-7 сынып оқушылары арасында «Мен жасаған ойыншық» атты көрме ұйымдастырды.
Бала қиялы мен шеберлігі ұштасқан көрмеге ата-аналар да қатысып, оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдарын қызыға тамашалады.
Бүлдіршіндердің қолынан шыққан бұйымдарды ерекше бағалаған ата-аналар балаларды өнерге баулып жүрген ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz