Сырым ауданының Бұлдырты ауылында "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!" атты жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызу отбасылық челленджі қызу жүріп жатыр. Бұл бастаманы көтерген ауыл тұрғыны – Эльмира Қапсанова.
– "Ағашты жердің ырысы мол" деген бар. Ұрпағымыздың ырыс-несібесі мол болсын деп, түрлі факторлардың ауаны ластауына жол бермеу мақсатында келешек ұрпақ таза ауамен тыныстасын, әрі жемісін азық қылсын деп осы челленджді бастап, мектеп, әкімшілік, басқа да мекемелердің қызметкерлеріне жолдадым, - дейді Эльмира Маратқызы.
Бүгінде игілікті бастама қолдау тауып, бірнеше адамға жалғасып жатыр.
Иә, қазіргі кезде мән-мағынасыз түрлі эстафета қаптап кеткенде, Қапсанованың жеміс ағашын егуді қолға алуы мақтауға тұрарлық.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz