Елімізде жарияланған төтенше жағдай сырымдықтардың үрейін емес, бірлігін күшейтіп жатыр.
Мәселен, Бұлдырты ауылдық округіндегі ауылдық дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері өз қолдарымен 50 дана бетперде тігіп, оны емхана келушілеріне таратты.
Ауылдастарын індеттен қорғауға амал жасап жатқан бұлдыртылық дәрігерлердің бұл игі ісі жүректі кәдімгідей жылытады екен.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz