Сырым ауданы Өлеңті мен Қособа ауылдарының 73-тері орындық орнатып, сахна салып жатқанда олардың Бұлдыртыдағы құрдастарынан да ақжолтай хабар алдық.
Бұлдырты орта мектебін бітіргендеріне 30 жыл толған азаматтар да ауылдарына ерекше сыйлық жасаған.
Олар Бекжанов Руслан жетекшілік ететін Бұлдырты еркін күрес үйірмесіне жаттығу құралдарын алып берген. Әсіресе әдіске икемділігін арттыруға арналған мүсіндер жас чемпиондарды қатты қуантты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер