Жаңақала ауданының мектептен тыс жұмыс орталығының үйірме мүшелері арасында «Бұрымды қыз» байқауы өтті.
Байқау шартына сай, ұлттық нақышта киінген әр тәрбиеленуші анасымен бірге бақ сынап, шеберлігі мен ұқыптылығын сынап, ұлттық тағам дайындаумен қатар шаш үлгілерінің түрлерін көрсетіп, бақ сынасқан болатын.
Сонымен қатар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты анасы мен қызына түрлі сауалдар қою арқылы ұпай сандары есептелді.
Әділқазылардың бағамдауы бойынша сөз саптауы мен жүріс-тұрысына дейін мән беріліп, қатысушылар өз жанынан шығарған таныстыру шумақтарын оқыды.
«Қыздың бұрымы - қорғаны» дегендей қолаң шашының ерекше сұлулығымен көзге түскен аталмыш білім ордасының «Жас журналистер» клубының мүшесі Айсезім Аманболқызы (жетекшісі С.Қарекенова) мен анасы Бибінұр Батырқызы жүлдегер атанды.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz