26.04.2023, 10:30
Оқылды: 57

Былтыр екі мәрте тамақтан улану оқиғасы тіркелген

Ақсай қаласындағы №3 мектепте Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының бекіткен жоспарына сәйкес ауданымыздағы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне санитарлық ағарту жұмысы жүргізілді.

ПРОФФ

Бұл шара білім беру бөлімі басқармасымен келісіліп ұйымдастырылған. Сонымен қатар бұл жиынға Шыңғырлау ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының қызметкерлері де қатысты.

Шараны Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Жұлдыз Қуанышқалиева жүргізді.

- Бұл шара облысымыздың барлық ауданданында өткізіледі. Бүгін біз Бөрлі ауданы мен Шыңғырлау аудандарын біріктіріп, жиын ұйымдарстырдық. Мектепке дейінгі ұйымдар жыл бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар біздің тексеріспен қамтылмаған. Себебі Президентіміздің қаулысына сәйкес бұл мекемелер шағын субъектілерге жататын болғандықтан тексерістен босатылған. Бұл мекемелерге санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту мақсатында шара ұйымдастырып, санитарлық нормалардың талаптары түсіндірілді. Бүгінгі жиында көптеген санитарлық талаптарға енгізілген жаңалықтарды қызметкерлерге түсіндірдік. Тамақтан улану және ішек инфекциясының алдын алу және болдырмау үшін осы шараларды бастадық. Тамақтан улану көбінесе жаз мезгілінде  болатындықтан, жаз айлары басталмас бұрын осы шараны аудандарда өткізуді қолға алдық. Тек мектепке дейінгі ұйымдар арасында ғана емес, бұл шаралар профилактикалық мақсатта әрбір білім беру ұйымдарында өткізіліп жатыр. Әрбір ауданда санитарлық-эпидемиологиялық басқармалар орналасқан. Олар өздерінің жоспарларына сәйкес, осындай шараларды әрдайым өткізіп тұрады. Бүгінгі жиынға мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, медицина қызметкерлері және асханаға қатысы бар қызметкерлер жиналды, - дейді Жұлдыз Тілешқызы.

ПРОФ

Шара барысында мектепке дейінгі ұйымға және тамаққа байланысты санитарлық талаптар туралы Қазақстан Республикасының заңдары да айтылды.

Облыстық департамент бақылауында барлығы 281 мектепке дейінгі ұйым бар. Мемлекеттік 149, ал жеке 132 мекеме, барлығы 25 495 бала бар.

2024 жылдан бастап критерияға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар жылына 2 рет тексеріледі.

2022 жылы екі рет тамақтан улану оқиғасы тіркелген.

Бірі - Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау ауылдық балабақшасы. Айраннан 25 адам уланған. Ал екінші оқиға Жәнібек ауданының Тау ауылында болған. Бұл жерде адамдар серуенге шыққан жерде уланады.  Серуенде бәліш пен бал тортынан екі адам уланған.

2023 жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалардан төрт өтініш тіркелген. Балабақшадағы балалардың тамақтану тәртібін бұзуға қатысты бір арыз түскен. БҚО білім басқармасының тапсырысы бойынша мониторингтік сапар ұйымдастырылып, бұзылушылықтар анықталған.

Жиын барысында мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале