7.02.2017, 12:08
Оқылды: 19

Бюджеттік несиені төлемеген жас мамандар

Kredit tolemegen  Келісімшарттағы талаптарды орындамай жүрген мұндай жауапсыз жас мамандар Бөкейордасы ауданында баршылық екен. Оларға қандай шара қолданылды? Мемлекет қаржысы қандай жолмен қайтарылды?

  Бөкей ордасы колледжінде арнаулы пән оқытушысы қызметін атқаратын жас маманға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде тұрғын үй сатып алуға 2778000 теңге көлемінде бюджеттік кредит (15 жыл мерзімге) берілген.


  Аудандық экономика және қаржы бөлімі, жас маман және сенім білдірілген өкіл (агент), яғни, «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ үш жақты келісім жасасқан. Келісімшарт бойынша жас маман кемінде бес жыл уақыт қызмет істеуге міндеттеніп, Сайқын ауылы, Бөкейхан көшесі, №31 мекенжайда орналасқан тұрғын үйді сатып алған. Несиені қайтару кестесі бойынша ол ай сайын 15433 теңге төлеп тұруға тиісті. Аудандық экономика және қаржы бөлімі тарапынан әлденеше рет жазбаша түрде ескерту жасалса да, екі жыл ішінде жас маман бірде-бір төлем жасамаған. Аудандық экономика және қаржы бөлімі сотқа жүгініп, жас маманнан бюджет есебіне 504197 теңге және мемлекет пайдасына 15126 теңге (мемлекеттік баж) өндірілді.

  Дәл осындай жағдай М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімінің де басынан өтті. Қ. есімді азамат 2427000 теңге көлеміндегі бюджеттік несиеге тұрғын үй сатып алып, мектепке 5 жыл еңбек етуге және ай сайын 13483 теңге төлемді аударып тұруға міндеттенеді. Десек те, жас маман келісімшарт талаптарын бұзған, несиені уақтылы төлемеген және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 25-тармақшасы негізінде (жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір айдан астам жұмыста болмаған жағдайға байланысты) жұмыстан босатылған.

  Яғни, жас маман шарт бойынша белгіленген мерзімді толығымен өтемей, жұмыстан шыққан. Сот тараптарды тыңдап, материалдарды зерттеп, арызданушының талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Енді жас маманға үкіметтің берген 2 178 341 теңгесін қайтаруға және 65 350 теңге мемлекеттік баж төлеуге тура келеді.

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале