16.05.2025, 9:30
Оқылды: 235

Бюджеттің әр тиыны есепте

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өткен отырысқа аудан әкімі Нұрлыбек Даумов бастаған округ әкімдері, мәслихат депутаттары, тиісті мекеме басшылары онлайн-оффлайн форматта қатысты. Қазына қаржысын түгендеген бұл жиынға Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин арнайы кеп қатысты.

IMG20250515151559

Алдымен Нұрлыбек Даумов аудан бюджетінің игерілуінен есеп берді.

IMG20250515151929

Бұдан кейін сөз алған БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин аудан бойынша игерілген қаржы мен салықтық түсімдердің көрсеткішіне тоқталып, бюджеттік кодекс талаптарына сай саралап берді.

IMG20250515151617

- Бұрын салықтың төрт түрі ғана округ бюджетіне түсетін еді. Округ қазынасын толықтыратын салық түрлері еселенді. Дәл қазір жеті түрлі салықтық түсім округ бюджетіне түсіп отыр. Бюджеттік кодекске байланысты жер сатудан түскен салықтық түсімдер аудан емес, округ бюджетіне түсуі керек. Сізде осы талап сақталмай отыр.

IMG20250515151811

Округте сатылған жер учаскесінің салықтық түсімі аудан қазынасына түсуде. Ал, жалпы бюджет қаржысы жоспарлы түрде игерілген, салықтық түсімдер белгіленген межеден артық орындалған, - деген Батыржан Жалитұлы бюджеттік кодекс пен бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік- инвестициялық жобалар, бюджет администраторының міндеті туралы заңнама өзгерістері туралы да түсіндіріп өтті.

IMG20250515151817
Отырысқа қатысқан барлық округ әкімдері де өз округі бойынша бюджеттің игерілу барысы туралы хабарлама жасады.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале