27.10.2021, 12:30
Оқылды: 94

Чемпион болғым келеді

Мен, Шакрикова Тахмина Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында ашылған Жалғас Жеңісұлы жаттықтыратын «Қол күресі» үйірмесіне қатысып жүрмін.

Чемпион болғым келеді

Көп уақыт болмаса да дайындықтан қалмай, қол күресі үйірмесіне  уақытында барып, спортпен шұғылданып келемін. Жақында Орал қаласында өткен 2003-2005 жылы туған қыздар арасында қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысып, жүлделі III орынға ие болдым. Осы орайда мені аталмыш спортқа баулып, дайындап, түрлі жарыстарға қатыстырып жүрген жаттықтырушым Ж.Жеңісұлына алғысымды білдіремін. Келесі жарыстарда бұданда үлкен жетістікке жетіп, ауыл-елімді қуантамын деген үміттемін.

Облыстық жарыстан жүлделі орын алғанымды ескеріп, Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Серікұлы, Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінің директоры Әліби Салықұлы арнайы қабылдап, алғысхат пен естелік сыйлықтарын табыс етті. Мұндай құрмет – біздей жас спортшыны жігерлендіретіні, қанаттандыратыны анық. Сондықтан да қолдау білдірген ағалардың еңбегіне жеміс тілеймін.

Қазіргі таңда бос уақытымды қол күресі үйірмесіне арнап, артылған сенімді ақтап, алдағы уақытта спорт шебері атағын алуға, чемпион болуға мақсат қойып, бар күш-жігерімді салудамын.

Тахмина Шакрикова,

Көпжасар ауылы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале