Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова дзюдо күресінен Қазақстан чемпионы Фатима Сұпығалиеваны қабылдады.
Кездесуге әкесі әрі жеке бапкері Алтынбек Сұпығалиевпен келген бойжеткен спорт интернатында оқиды.
Фатиманың әкесі – дзюдодан ҚР спорт шебері, самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы. Қызын өзі спортқа баулып жүрген Алтынбек Сұпығалиев жас спортшыдан үздік нәтиже күтеді.
-Өскемен қаласында 17 облыстан дзюдошылар қатысқан жарыс өтті. Қызым 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Нәтижесі ойдағыдай. Бұйырса қаңтар айында өтетін Азия чемпионатына дайындық үстіндеміз, - деді бапкер әке.
«Қаңтарда сүйінші жаңалық күтеміз!» деген аудан басшысы Әлия Биғазықызы жас чемпионға соңғы үлгідегі Айфон 14 маркалы қалта телефонын сыйға тартты.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz