16.06.2023, 18:00
Оқылды: 32

Чемпионға құрмет көрсетілді

Бүгін Бөрлі ауданына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров келді. Сала басшысын алдымен аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов қабылдап, кездесуде ұлт саулығы бағытында қолға алынған келелі істер сөз болып,  өңірде бұқаралық спорттың қарқынды дамуы жөнінде жоспарлар айтылды.  

бурли (1)

Соңғы жылдары аудандағы спорт ғимараттарының материалдық-техникалық базасын ны­ғайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып келеді.

Бұл шаралардың барлығы аудан спортының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және еліміздегі бұқаралық спортты ілгері жылжытуға бағытталып отырғаны белгілі.

Өз кезегінде басқарма басшысы Қаймен Есенаманұлы спортты, салауатты өмір салтын ұстануды басты мақсаттарының бірі санаған аудан тұрғындарына ризашылық білдіріп, облыста өтетін түрлі деңгейдегі жарыстарда аудан спортшылары қашанда жоғары нәтиже көрсетуі үлкен жетістік екенін тілге тиек етті.

бурли (2)

Кездесуде аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов жуырда Астана қаласында өткен, баршаны елең еткізген дүбірлі дода - спорттық самбодан Азия, Океания чемпионатының және Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарына іріктеу жарысында, атой салып, қарсылас шақ келтірмей чемпион атанған мақтанышымыз, Темірлан Көлбайды кезекті жеңісімен құттықтады.

Аудан басшысы үш мәрте сары құрлықты бағындырған Темірланды барша аудан тұрғындары атынан құттықтап, өзінің алғысхаты мен ел ағалары, демеушілер атынан 1​ 000​ 000 теңге сыйлады.

бурли (3)

Айта кетейік, алдағы уақытта Темірлан Сауд Арабиясы, Әр-Рияд қаласында өтетін Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарына еліміздің намысын қорғайды.

Айта кетейік, Темірланды бала кезінен күреске баптап, елдің атын шығарып, мерейін үстем етуіне аянбай тер төгіп келе жатқан бапкері, Қасым Қаженовкеде бөрліліктердің айтар алғысы зор.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале